Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 72-бап
Ата заңымыздағы Конституциялық кеңес туралы баптарды қамтыған алтыншы бөліміндегі құқықтық құжат түгел өзгерді. Соның бірі – 72-бап.
Екі тармақтан тұратын бап бұған дейін де бірнеше рет өзгертіліп, бірнеше рет түсіндірме берілген болатын. Ал осы жолғы референдумға ұсынылған жобада аталған бапқа тағы 3 тармақ қосылатыны көрсетілген.
Жаңадан енгізілген үш тармақ негізінен Конституциялық соттың жұмысын, оған халық қалай жүгіне алатынын, оны кім арқылы жүзеге асыратынын айқындап береді.
Мысалы 72-бапқа жаңадан енгізілген 3-тармақтың екінші бөлігінде «Азаматтардың Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі мен шарттары конституциялық заңда айқындалатыны» анық жазылған. Сонымен қатар, еліміздің «нормативтік құқықтық актілерінің Ата заңымызға сәйкестігін Бас Прокурордың өтініштері бойынша қарай










